Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір сахнасы – 600 мың доллар": Қайрат Әділгерей жаңа киносына Джеки Чанның не үшін түспегенін айтты

“Хотя бы кинода – 3” киносының продюсері, актер Қайрат Әділгерей Джеки Чанды жобаға шақырмақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kairat_adilgerey/

Өнер иесі Динара Сәтжанға берген сұхбатында танымал қытай актерінің ризашылығын алғанын жасырмады. 

“Осы жоба басталмас бұрын Нұргүл Даубаеваның таныстары арқылы Қытаймен байланысқа шығып, Джеки Чанды шақыруға оқталдық. Бір сахнаға 600 мың доллар сұрады. Өкінішке қарай, ол кісінің кестесі 1 жыл алға жазылып қойған екен. Сонымен сәті түспеді”, – деді актер. 



Сонымен қатар актер Джеки Чанның киноға түсуге келісім бергенімен, уақыты болмағанын алға тартты. 

“Джеки Чан мырза Қазақстанды қатты сыйлайды екен. "Әсіресе, Димаштан кейін Қазақстанды қатты жақсы көріп қалдым, халқы қонақжай. Өкінішке қарай, кестем сәйкес келмейді. Бірақ қыркүйек айының 15-іне қарай түсіп бере аламын" деді. Ал біз түсірілімді күзге қалдыра алмадық", – деді әзілкеш. 

Еске салайық, актер құрбақа жеп, ел назарын өзіне аударғанын жазған едік. 

Талқылау