AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір пәтердің ақшасын салдым": Әлішер Кәрімов қаржы пирамидасына үш рет алданғанын айтты

Қаржы пирамидаларына қатысты түрлі ескертулер БАҚ-та жарияланып, теледидардан сан мәрте көрсетілгенімен, әлі де жеңіл табыс табамын деп алданып жүрген адамдар жетерлік. Олардың қатарында танымал эстрада жұлдыздары да бар. Мәселен Әлішер Кәрімов үш түрлі пирамиданың арбауына түскенін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазақстан" Ұлттық арнасының "1001 түн" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Негізі мен қаржы пирамидаларына сенбейтінмін. Алғаш рет түскенде жақын досым хабарласып: "Әпкем мазамды алып жатыр. Адам төзгісіз болып кетті. Ақшаң болса, сол компанияға кірші" деді. "Қазір ақшаң бар ма?"  деді. Тойдан шыққан кезім, 2,5 мың доллардай ақшам бар еді, соны апарып бердім. Бір аптадан кейін сол пирамида жабылып қалды. Екінші рет бір миллион теңге салдым. Ол кезде қараша айы еді, "мамырда аласың" деді. Одан бері алты мамыр өтіп кетті, ақша жоқ", –  деп бөлісті Кәрімов.

"Аузы күйген үрлеп ішер". Алайда Кәрімовке аталған екі оқиға да сабақ болмаған. Әнші үшінші жолы алаяқтарға бір пәтердің ақшасын ұстата салған. 



"Үшінші рет қарындасымның пәтерін саттық. Менімен бірге тұрғысы келді. Ол ақшаны бірдеңеге салмасақ, кетіп қалады. 10 жыл араласқан досым шақырған пирамидаға бар ақшаны салдық, сонымен жоқ", – дейді ол.

Әнші кеткен қаржыны қайтаруға тырыспаған. 

"Өмір алма-кезек деген сөз бар. Аллаға тапсырдым. Бір рет берген Алла келесіде де берер", – дейді әнші.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр