"Бір күні сатуға шығарамын": Қайрат Нұртас продюсер Баян Мақсатқызының туған күніне ерекше сыйлық тарту етті
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызының туған күніне орай оған ерекше сыйлық берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі сахнаға киетін костюмін продюсердің иығына жапты.
“Бір күні Қайрат Нұртастың пиджагын өте қымбатқа сатамын. Ал әзірге бұл – гардеробымдағы ең жарқыраған киім болмақ. Рақмет, Қайрош!”, – деп жазды туған күн иесі.
Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылып жатыр. Бірі ерекше сыйлық деп бағаласа, енді бірі әйел затына керек дүние сыйлағанды құп көрген. “Аңыз адамның киімі миллионнан асатын шығар”, “Сатамын деп айтқаныңыз біртүрлі екен”, “50жастан естелік болып қалады, өзіңізде тұра берсін”, “Тегін берсе де алмаймын” деп пікір жазып жатқандардың қарасы көп.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі