Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір күнге 300 мың теңге": Танымал әзілкеш Қапшағайда демалу құнына шамданды

Нұрболхан Шарап Қонаев қаласындағы Қапшағай көлінде демалу құнына шамданды. Әзілкеш қаладағы демалыс орнына бір күндік демалыс үшін 300 мың теңге тастап кеткенін айтады. "Бұл ақшаға Түркияға барып келуге болар еді" деген Нұрболхан бұлай жалғаса берсе, ішкі туризмнің дамымайтынын меңзеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Нұрболхан Instagram парақшасында жазды.

"Қонаевтағы демалыс! Қонаев қаласындағы бiр күндiк демалыс 300 мың тг-ге шықты. Аттап басқаның ақша. Тамақтарының бағасы удай. Люкс номерiнiң бағасы 80 мың. Ішiн көрсеңiздер, қаладағы 15 мың тг-лiк қонақүйдің iшi сияқты. "Номердегi халат, орамалды бассейнге апармаңдар, ол жақта бөлек жалға аласыңдар" дейдi. Сырттан тамақ кiргiзбейдi. Жағажай жағында жататын орын алсаң, жалға алу құны 5-7 мың. Сұмдық па? Сонда да отбасылық демалыс болған соң, аямай тастап кеттiк ақшамызды.

Бұл ақшаға Түркия, Египетке барып, 1 апта демаласың. Содан кейiн шығар елдердiң шетелге қашатыны. Ещё, iшкi туризмдi дамытайық деп қоямыз. Туристердiң келмейтiнiндей бар екен. Сонда да өмiр тамаша сүре бiлген адамға деп қоямыз да жүре беремiз", – деді ол.

Көпшілік Нұрболханмен келісті.



"Біздің елде 5 саусақты бірден ауызға тыққысы келеді ғой. Не сұмдық мынау? Ақшасы жоқтар армандап отырады да бұндай демалысты", "Бұл – Қазақстан, балақай. Біздің елде бәрі бай, орташа айлық 400 000 тг", "Иә, сұмдық, мұндай бағалармен ішкі туризм дамымайды, Түркия қолжетімді болған соң сол жаққа барады, өкінішті", "Иә, мен де Түркияға барамын деп отырмын, бізде ешқашан қанағат болмайды. Соның кесірінен осындай баға шығады", "Біздегілер құнныққан, масқара қымбат қой",  –  деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Талқылау