Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір күнде алты тойға бардым": Зарина Омарова 18 жасындағы тапқан табысын есіне алды

“Жангүлім” әнінің орындаушысы, әнші Зарина Омарова алғаш рет өнерден тапқан табысы жайлы сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: https://www.instagram.com/zarina_omarova_official/

Өнер иесі сол кезде ешкімнің қолы жетпейтін “Тамашаның” сахнасында ән салғанын “Мамский әңгіме” подкастында айтып берді. 

“18-19 жасымда бір күнде алты тойға шығатынмын. Әр тойға шығатын гонорарым мың доллар еді. Ол кезде бүкіл жерде мен хитпін. "31-арна", Hit TV – бәрінде мен жүретінмін. "Алғашқы махаббат" әні шықты. Ерекше бейнебаянды Ташкентке барып, 20 мың долларға түсірдік. Сондай бір керемет кез еді. Ол кезде қыз әншілер, жас әншілер аз болатын. Дильназ екеуіміз бар едік. Мадиналар енді-енді өнерге келе бастаған кез. Мен "Әнші балапаннан" бастап, "Жас қанат", "Азия дауысы" деген бүкіл конкурсқа қатыстым. Ол кезде екінің бірі “Тамашаға” шыға бермейтін. Әкемнің аты дүрілдеп тұрған кез. Оның баласы болғаннан кейін бізге екі есе жауапкершілік артылатын. Әкеңнің арқасында сахнада жүрмегеніңді, шын мәнінде жақсы әнші екеніңді дәлелдеуің керек. Дауысым бар екенін, кез келген жерде жанды дауыста ән айта алатынымды дәлелдеуім керек болды”, – деді әнші.



Мектеп бітірмей жатып, табысты болған әнші небәрі 17 жасында өзіне қажет дүниенің бәрін алып үлгерген көрінеді. 

“16-17 жасымда адамдардың назары, атақ, ақша жан-жақтан құйылып кетті. Ол кезде енді мектеп бітірейін деп жатқанмын. Кейін ақшаның бәрін шашып ұстадым. Ешнәрсеге өкінбеймін. Кейінірек банкке ақша жинай бастадым. Одан кейін тұрмысқа шыққанда ата-анама ауырлық салмаймын деген шешім қабылдадым. Бір жағынан есейіп, өмірге басқаша көзқараспен қарадым", – деді эстрада жұлдызы. 

Еске салайық, өнер иесі әлі күнге дейін артық салмақпен күресіп келе жатқанын айтты.  

Талқылау