Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір кештен тапқан ақшаға Астанадан пәтер алдым": Әміре "Голос" жобасының пайдасы жайлы айтты

Ресейдің "Голос" шоуына қатысып, үшінші орын алған Әміре аталған жобаның тиген пайдасы жайлы айтты. Ол танымалдылығы артқанның арқасында бір күнде қыруар қаржы тауып, үйлі болғанын мойындады. Бұл туралы Әміре Нұрлан Қоянбаевтың жаңа "Түнгі студия" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Голос" шоуының гранд-финалы өткен жылдың 30 желтоқсанында Мәскеуде өтті. Тікелей эфирде түсірілетін болғандықтан, Әміре Жаңа жыл қарсаңындағы мерекелік тапсырыстардан бас тартуға мәжбүр болған. 

"Үш күн қалды, қарбалас дайындалып жатырмын. Қазақстандағы барлық іс-шараларымнан бас тарттым. Сонда көкейімде "ақша табатын едім ғой" деген өкініш тұрды. 

30-ы күні финалға қатыссам, 31-і күні Жаңа жылды отбасыммен қарсы аламын деп ойладым", - дейді Әміре. 



Алайда Жаңа жылға екі күн қалғанда әлдебіреулер хабарласып, әншіні ірі мерекелік кешке шақырған. 

"31-і күні Жаңа жылдық корпоратив болады, деді. Жақсы, жұмыс істеймін деп келістім. Негізі сол "Голостың" арқасында үлкен жоба түсті. 31-күні чартерлік рейс арқылы мені алып кетті. Қай қалаға екенін айтпай-ақ қояйын. Мұндағы мораль, әркім өзінің атына жұмыс істеуі керек және ол міндетті түрде өзін ақтайды. Қысқасы, 10 күндік жіберіп алған корпоративтің ақысын бір күнде тауып алдым. Сол ақшаға Астанадан пәтер алдым", - деп түсіндірді Әміре. 

Талқылау