Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір кеште 3 млн теңге: Қарапайым мейрамханалардың өзі жаңажылдық кештерден қомақты табыс табады

200 млрд теңге. Былтыр қазақстандықтар жаңажылдық корпоративтерге осынша қаражат жұмсапты. Ал, қымбат мейрамханаларды айтпағанда, қарапайым дәмханалардың өзі бір кеште 3 млн теңгеге дейін таза пайда тапқан екен. 

Бір кеште 3 млн теңге: Қарапайым мейрамханалардың өзі жаңажылдық кештерден қомақты табыс табады

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Алайда биыл бәрі өзгерген сияқты. Қымбат дастархан, арнайы шоу-бағдарламалармен қазір ешкімді таңғалдыра алмайтынын түсінген ұйымдастырушылар, жаңа бір дүние ойлап тауыпты. 

Жо-Жоқ, бәрі сіз ойлағандай емес. Бұл жаңа форматтағы Жаңа жылдық корпоратив. Иә, қазір қымбат мейрамханамен де , отандық жұлдыздар қатысқан арнайы шоу бағдарламамен де ешкімді таңғалдырып, аузын аштыртып, көзін жұмдыра алмайсың. Есесіне, құттықтаудың осындай жолы кәдімгідей сұраныс тудыртып отыр бүгінде.  

Десе де, дәстүрдегідей қымбат мейрамханаларда тойлататындар да жоқ емес. Арзан дегені 15, ал қымбаты  50 мыңнан басталады.  

«Бізде ішімдіксіз корпоративтер тек балаларда немесе спортшылардың отырысында ғана болады. Мүмкін ол жақсы да шығар, бірақ әрине бизнес тұрғысынан қараған кезде алкоголь өнімдерімен өткен отырыс біз үшін әлдеқайда тиімді», - деді мейрамхананың арт-директоры Екатерина Михель.

Мәселен, өмірді бір-ақ  рет сүреміз деп,  Ресейдің танымал әншісі София Ротаруды 85 млн теңгеге шақырмақшы болған қазақстандық кәсіпкер көпшіліктің қатаң сынына ұшырап еді былтыр. Ал биыл мұндай жаңалықты естімедік әлі. Соған қарағанда  үнемдеуді үйренген сияқты ғой көбісі.

«Кәсіпорындардың өз қаражатын үнемдеу мәселесінде азаматтардың өз қаражатын үнемдеу мәселесінде, енді тоқтатты деп айта алмаймын, корпоративтер болып тұр бірақ бұрынғыдай  шашатын емес, үнемдеуге өтіп жатырмыз. Ол бірінші мәдениет, екіншіден қаражатты тиімді пайдалану», - деді экономист Сапарбай Жұбаев. 

Қалай болғанда да былтыр жаңажылдық  корпоративтерге қазақстандықтар жалпы жиыны 200 млрд теңге жұмсапты. Былай қарсаң аз сомма емес. Ал биыл қандай шығын болары әзірге белгісіз. Белгілісі, біз хабарласқан мейрамханалардың ешқайсысы бос болмады. Соған қарағанда осы апта шулы корпоративтерге толы болатын сияқты.

Талқылау