"Бір аяғым 5 сантиметрге қысқа": Қайрат Әділгерей ауыр жол апатына түскенін айтты
Актер Қанат Әділгерейұлы алғаш рет 2002 жылы болған ауыр оқиға туралы айтып берді. Ол жол апатына түсіп, ақырында аяғы қатты қысқарып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сілтеме жасап.
Сурет: instagram.com/bakyt_turman
«Жүргеновтің қабырғасында 2-курста оқып жүрген кезімде жол апатына түстім. 2003 жылы мүгедектік рәсімдегенмен, оның ақшасын алмадым. Өйткені, көп адам менің ақшамды санағанды жақсы көреді. 2002 жылы Сәтбаев пен Фурмонов көшесінде үй қымбат еді. Содан осы аяқпен 2004 жылдың басына дейін алыстым», - деді актер.
Әрі қарай Қанат Әділгерейұлы бір жылда нархозбен 5 ота жасатқанын айтты. Артынша осылай аяғымен әлек болып жүргенінде тағы да төбелестің ортасында қалып қойып, жағдайының одан бетер нашарлап кеткенін айтты.
7-сыныпта танысқан: Қайрат Әділгерей әнші әйелінің артынан бірнеше жыл жүгірген >>>
«Республика Сарайының артында «Премьер» деген клуб болды. Енді жазылып келе жатқанымда ауылдан сыныптас балалар келіп, таяқпен бірге бардық. Сол жерде төбелестің ортасында қалып, аяғымды тағы да сындырып алдым. Содан қазір бір аяғым екіншісінен қысқа. «Әзіл әлемінде» біздің кіріп-шыққанымызды көрсетпейді. «Қайрат Әділгерейұлы» деп таныстырған кезде микрофонның алдында тұрамыз. (...) Осылайша аяғым 4,7 сантиметрге қысқарды. Ішінен 3,5 сантиметрге биіктетін алғанмын. 1 сантиметр айырмашылықтан ақсаңдап жүремін», - деді ол.
Сондай-ақ, бұл кемістігінің себебін үнемі түсіндіре беруді қаламайтынын жеткізді. Сондықтан да жеңіл-желпі сылтау айтатынын жасырмады.