Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір ай бұрын жоғалып кеткен: Алматы облысында 11-сынып оқушысын іздеу жұмыстары жалғасуда

Алматы облысында, Сарқан қаласында 11-сынып оқушысы Виктория Лозовая жоғалып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бір ай бұрын 16 жастағы қыз үйден кетіп, оралмаған. Оның әжесі Эрна Лозовая жоғалып кетпестен бұрын немересінің мінезінде өзгерістер байқалғанын хабарлады.

"Мен мектепте, немерем оқитын жерде жұмыс істеймін. Соңғы кездері Виканың өзгергенін байқадым. Одан не болғанын сұрағанда, ештеңе болған жоқ, бірақ барлығы қиындап кетті деген еді. Мен оқуы бойынша қиындықтары бар шығар деп ойладым. Алайда ол жақсы оқушы болатын", - деді Эрна Лозовая.

Әйелдің айтуынша, Виктория 15 қазанда жоғалып кеткен. 

"Таңертең мен ауруханаға бардым, қайтып келгенде ол үйде болған жоқ. Мен кешке дейін күттім, содан кейін мазасыздана бастадым. Келесі күні полицияға арыз жаздым. Оны таппай жатқанымызға бір айдан астам уақыт болды. Тергеуші мені шақырмады. Өткен аптада полицейлер оның телефонын Үшаралдан тапқанын айтты. Бірақ әлі күнге дейін жаңалық жоқ", - деді ол.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, сотқа дейінгі тергеу басталғанын, Сарқан облыстық полиция басқармасының барлық жеке құрамының, еріктілер мен қоғамның қатысуымен қызға күшейтілген іздеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Талқылау