Бір ай бұрын жоғалған қазақстандықтардың мәйіті табылды
Бір айдан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен Петропавл мен Орал тұрғындарының мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақпаратты LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында жариялады.
1980 жылы туған Денисова Татьяна 1 шілдеде жоғалып кеткен. Әйел Қызылжар ауданы Белое ауылында көмір өндіретін кәсіпорын аумағынан шығып, із-түссіз жоғалып кеткен.
Ал 1959 жылы туған Фатима Исақұлова Орал қаласындағы Құныскерей көшесінде тұратын. 24 мамырда зейнеткер үйден шығып кеткен, туыстар сол күннен бері хабар ала алмаған. Жақында әйелдің қайтыс болғаны белгілі болды.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"