Бір адам қаза тапты: Атырау облысында жастар атыс ұйымдастырды
Атырау облысында ауыл жастарының арасында атыс болып, алты адам зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылында болған.
“30 қазан күні сағат 19.30-да "Атырау-Ақтөбе" тас жолының 331-шақырымында Сағыз ауылының маңында жастар бір-біріне оқ атқан. Зардап шеккендер бар. Олар Сағыз ауылдық дәрігерлік амбулаториясына жеткізілді”, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.
Атыстан 5 адам оқ жарақатын, 1 адам дене жарақатын алған.
“Өкінішке қарай, 1985 жылы туған азамат алған жарақаттан ауруханада қаза болды" - деді ведомствода.
- Атырауда 10 жастағы баланы тоңазытқыштың тоғы соғып, көз жұмды
- 60 адамның өмірі үшін бар-жоғы 14 жыл: Атышулы Кемероводағы болған өртке кінәлілерге сот үкім шығарды
Қазір Сағыз ауылына Атырау облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жетті. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Болжам бойынша атысқа ауыл жастарының бір-бірімен келіспей қалғаны себеп болған.
"Өлтіруге болатынын балаларға көрсетуге болмайды": Зообелсенділер бұралқы иттерді жоюға қарсы шықты
14 сәуірде Алматыда бұралқы иттерді эвтаназиялауды міндеттейтін заңға қарсы баспасөз конференциясы өтті
"Тоқырау жылдарында оқуға түсе алмадым": 50 жасында диплом алған алматылық медбике өз арманын қалай орындады
Жалғызбасты ана екі қызын аяққа тұрғызу үшін жоғары білім алуға мүмкіндігі болмаған