Билл Гейтс жасанды интеллектінің арқасында адамзат үш күндік жұмыс аптасына ауысатынын айтты
Microsoft негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс жасанды интеллектінің дамуының арқасында адамзат үш күндік жұмыс аптасына ауысуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "What Now?" подкастына сілтеме жасап хабарлайды.

Сұхбат барысында подкаст жүргізушісі және комик Тревора Ноя: "Жасанды интеллектінің дамуы жұмыс орындарына қауіп төндіре ме?” – деп сұрады.
Гейтстің айтуынша, күндердің бір күні адамдарға көп жұмыс істеудің қажеттілігі туындамайтын уақыт келеді.
"Болашақта аптасына үш күн ғана жұмыс істейтін қоғамға тап болуыңыз мүмкін. Меніңше, бұл – жақсы нәрсе", – деді Гейтс.
Қазан айында JPMorgan қаржы корпорациясының басшысы Джейми Даймон жасанды интеллект дамыған сайын жұмыс аптасының ұзақтығы қысқаратынын айтқан еді.
"Балаларыңыз 100 жасқа дейін өмір сүреді және технологияның арқасында қатерлі ісікпен ауырмайды. Олар аптасына үш жарым күн жұмыс істейтін болады", – деді ол Bloomberg-ке берген сұхбатында.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді