Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім министрлігі оқу жылының қысқартылуына қатысты жауап берді

Астанада оқу жылының қысқартылуы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады Астана қаласы білім басқармасының баспасөз хатшысы Ботагөз Омар.

1764022

Бұдан бұрын бірқатар БАҚ мен әлеуметтік желіде 2016-2017 оқу жылының параметрлері өзгергендігі туралы хабар тараған болатын. Соған сәйкес елордада ЭКСПО-2017 көрмесі өткізілуіне байланысты мектеп сабақтары 1 қыркүйек пен 15 мамыр аралығында болады делінген еді.

“Әлеуметтік желіде тарап кеткен мәлімет шындыққа жанаспайды: оқу жылы қысқартылмайды, Астана қаласы бойынша да өзгертілмейді”, — деп жазды Ботагөз Омар әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол өз сөздеріне дәйек ретінде ҚР білім және ғылым министрі міндетін атқарушы Эльмира Суханбердиеваның бұйрығының мәтінін келтірген. Бұл бұйрық бойынша оқу жылы 1 қыркүйектен басталып, мектеп алды даярлық сыныптарына – 32 аптаға, бірінші сынып үшін – 33 аптаға, 2-11 сынып оқушылары үшін 34 аптаға созылады.

Оқи отырыңыз:

Терроризмді насихаттап түрмеге отырған алматылық бұрынғы діни ұстаздарымен соттаспақ

Шудың екі тұрғыны карта ойнағандары үшін жарты миллион айыппұл төлемек

Атыраулық экс-полицей Манарбек Өтеуов тағы істі болды

Алматы облысында қытайлық кәсіпкер мен Қазақстан азаматтары соттасып жатыр

Талқылау