Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім министрі қазақ тілін оқыту бағдарламасының күшейтілетінін мәлімдеді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде қазақ тілін оқуға ерекше мән берілетінін айтты. Сонымен қатар, қазақ тілінің оқытылуына қатысты біршама ауқымды өзгерістер жасалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр енді балабақшаларда ағылшын тілі міндетті пән ретінде оқытылмайтынын айтты.

"Бала жастайынан өз ана тілінде тәрбие алуы керек. Бұдан бөлек, қазақ тілінің бағдарламасы да өзгертілмек. Алдағы уақытта грамматиканы оқытуға бөлінетін сағат саны артады. Оқушының дұрыс жазуы мен сөйлеуі үшін, ойын тиянақты және сауатты жеткізудегі грамматиканың орны ерекше. Бұл тұста біз тағы да Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріне жүгінеміз", - дейді Аймағамбетов. 


Сонымен қатар, Аймағамбетов "Әліппені" мектеп бағдарламасына енгізу мәселесіне кеңінен тоқталды. 

"Өздеріңізге белгілі, «Әліппені» мемлекеттік стандартқа енгіздік, оның бағдарламасы да дайындалды, оқулық дайындалып апробацияға кіріп, келер оқу жылынан бастап біз бірінші сыныптарға Ана тілімен бірге қайта енгіземіз. Ол Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған методика бойынша дайындалуда. Өйткені қазақ фонетикасын жетік меңгерген ғалым қазақ тілін үйретудің ең оңай принципін ұсынды.  Жақында Әліппенің жобалық нұсқасын қоғаммен бірге талқылаймыз", - дейді министр. 

Сонымен қатар, мектепте қазақ әдебиетінің оқытылуы қайта қарастырылады. Әдебиетші ғалымдарды, білікті ұстаздарды, осы саланың мамандарын басын қосатын арнайы комиссия құрылып, қазақ әдебиетінің мектепте оқыту әдіснамасы, бағдарламасы мен оқулығы қайта пысықталмақ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр