Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Билікке сендейлер барса, мемлекеттің мүлкін сатады ғой": Әнші өзін депутаттыққа ұсынған Құралай ханымды сынады

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева психолог Құралай ханымды сынға алды. Депутат болу үшін жарнаманы сатып алып жатқан ханымды жерден алып, жерге салды. 

«Бұл Құралай Ошақпаеваның «мені «Нұр Отанға» депутаттыққа жарнамалашы» деген кезекті айласы. Блогерлерге жалынып жарнама жасайды дегені рас болды ғой. Құралай Ошақпаева, «миллионмен кетіп бар жатырмын» деп жар салушы едің, оларға дауысың өтпей қалды ма? Бәрін сатып аламын деп ойлайсың ба? Билікке саудагерді жолатсаң, үкіметті сатып жібереді деуші еді. Бәрін ақшаға сатып аламын деген ой тек саудагердің ойында ғана болады. Мемлекет басына депутаттыққа сендейлер барса, мемлекет мүлкін талан-таражға түсіреді ғой. Адал еңбек, маңдай тер, абырой қайда қалды?»,  – деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Елшібаева Құралай ханымға депутаттық мінбердің абыройлы орын екенін, онда арзан кеңестері өтпейтінін айтты. Үй шаруасындағы қыздарға өтетін арзан әңгімең депутат мінберінде түкке жарамайды дейді. 

«Депутаттық – байып кетесің деп, діни сауаты аз қазақтың қыздарына сататын үйінің берекесін кетірген феншуйдың заттары, ведьманың сиқыры, әбжаттың плагиаты емес. Депутат - халықтың мұңын үкіметке жеткізуші көпір болып саналады.


 "Құралай ханым буддизмді насихаттап жүр": Қазақстандық әнші ақылы тренинг жүргізушілерді әшкереледі


Депутат - халық қалаулысы. Халық қалаулысы блогерлікпен күнін көріп жүрген жас блогерлерге ақшасын беріп дауыс жинамайды. Халық қалаулысын өзі-ақ көтереді, есіңде болсын. Адамда көрге дейін өзімен бірге баратын, бойында сатпайтын, сатылмайтын екі дүниесі болады. Ол білімі мен өнері. Құралай ханым, білімің жетпесе, ақшаға сатып аламын деп, өзің сияқты депутатыққа түсіп жатқан, елім деп шырылдайтын, нағыз білімді, қазақтың жастарының жолын кеспе. Қазақстанның болашағы білімді, еңбекқор жастардың қолында.

«Адал жүріп, шын сөйле, асығың түсер алшыдан»,  – деген сөз қалған ұлылардан. Адал жүріп шын сөйлей алмайтын болсаң, мен қазақ әйелдерінің көзін аштым деп елді алдама!», - деп жазды Елшібаева.

Талқылау