"Билік жылыту маусымына дайындық жұмыстарын белсенді жүргізді": Энергетика министрлігі жылумен қамту мәселесіне қатысты сынға жауап берді
Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары Илья Рожков еліміздің проблемалық аймақтарындағы жылумен қамту жағдайына тоқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото. ehonews.kz
Оның айтуынша, электр энергетикасы саласына маманданған бөлім бірінші кезекте энергия көздері мен электр желілерін бақылайды. Степногорск, Ақтау және Балқаш сияқты қалалардағы жылу желілерін бақылау тиісінше жергілікті атқарушы органдар мен индустрия және құрылыс министрлігінің құзыретіне жатады. Дегенмен, төраға орынбасары Ақтаудағы 11А ықшамауданындағы жылу желілерінің бүлінгенін мойындады.
"Ұзындығы 11 метрлік қондырманы орнату жедел түрде ұйымдастырылды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары аяқталды, тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету үшін жылу желілері толтырылуда. Айта кетейін, Ақтау қаласындағы сыртқы су айдындарында температураекі градус жылы. Негіі бұл қыз мезгілі үшін қалыпты температура", - деді Илья Рожков.
Сондай-ақ Рожков биыл биліктің жылыту маусымына дайындық жұмыстарын белсенді жүргізгенін атап өтті.
"Осы мақсаттарға шамамен 146 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде 16 миллиард жеке меншіктен және 20 миллиард мемлекеттік резервтен. Технологиялық бұзушылықтарды жоюға және бұрын-соңды болмаған көлемдегі жұмыстарды орындауға қомақты қаражат бөлінді. Жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде Риддер ЖЭО-ның барлық алты қазандығын және Екібастұз ЖЭО жабдықтарын кешенді қайта жаңғырту параметрлері шамалы төмендегенімен тұтынушыларды үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге ықпал етті", - деді Илья Рожков.