"Билеттер жарамды": Алматыда өтетін Валерий Меладзенің бірнеше концерті кейінге қалды
Ресейдің танымал әншісі Валерий Меладзенің Алматыдағы бірнеше концерті кейінге қалды. Оның қаңтар айындағы гастролдік сапары ақпан айына ауысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ашық дереккөз
Әртістің отбасында қайғылы жағдай болған.
“"Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Отбасылық жағдайға байланысты Валерий Меладзенің қаңтар айына жоспарланған концерттері: 20 қаңтардан 2 ақпанға, 23 қаңтардан 4 ақпанға және 25 қаңтардан 6 ақпанға ауыстырылды. Концерт ұйымдастырушылары мен концерт залы атынан кешірім сұраймыз. Бұрын сатып алынған барлық билет жаңа датаға жарамды болады. Билеттерді қайтару үшін билет сатқан сайт өкілдеріне хабарласу керек", – деді ұйымдастырушылар.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған