Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл Жеңіс күніне орай Қазақстанда әскери парад өтпейді

Елімізде биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай әскери парад өтпейді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"2022 жылы Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парадты өткізу жоспарда жоқ. Әскери-патриоттық іс-шаралар жоспарланған", – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Қорғаныс министрлігі Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлерін құрметтеу жөніндегі шаралар өткізеді.

Жалпы алғанда барлық өңірден 50-ге жуық шара жоспарланған.

Айта кетcек, осыдан жетпіс жеті жыл бұрын Берлинде Германияның қарсылықсыз тізе бүгуі туралы актіге қол қойылды.

Ұлы Жеңіс күні мерекесінің тарихы осылай басталған.

Жыл сайын бұл күні адамзат тарихындағы осы сұрапыл соғыстан қаза болғандардың рухына тағзым етіліп, аман-есен жеңіске жеткендерге құрмет көрсетіледі.

Талқылау