Биыл қазақстандықтар қажылыққа бара алмайды
Қазақстандықтар биыл қажылыққа бара алмайды. Сауд Арабиясы тек вакцинациядан өткен адамдарға кіруге рұқсат берді. Бірақ QazVac және "Спутник V", тіпті Hayat-Vax вакциналары бекітілген тізімге енбеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Қажылық барлық санитария нормалары мен шектеулерді сақтай отырып өтеді.
Әзірге қанша мұсылманға қажылыққа баруға мүмкіндік берілгені туралы нақты ақпарат жоқ.. Толығырақ ақпарат кейінірек жарияланды.
Сауд Арабиясына Pfizer, AstraZeneca, Johnson & Johnson және Moderna препараттарын салған шетелдіктер ғана кіре алатыны белгілі.
Жағдайды қиындататын тағы бір нәрсе - ел билігі қажыларды тек тікелей рейстермен жеткізуді талап етті. Қазақстанда мұндай мүмкіндік жоқ.
Айта кетейік, биыл қажылық 17 шілдеде басталады.
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады
Жоба әуелі үш өңірде сынақтан өткізіліп, кейін 16 өңірге енгізілмек
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған