Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Енді бірге емеспіз": "Егіз-Лебіз" жобасынан шығып қалған Балжан Бидаш көрерменге өкінішін жеткізді

Отандық музыкалық “Егіз-лебіз” жобасының қатысушылары Балжан Бидаш пен Ұлан Қонысбаев көрерменмен қоштасты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/

Әнші ұзақ үзілістен кейін сахнаға оралуы дәл осы бағдарламадан басталғанын айтты. 

"Шынайы сыр ақтаруға рұқсат етіңіздер. Расында кейде бір ғана жағдай бүкіл өмір туралы, қоғам, айналамыз туралы ойды өзгертуге септігін тигізеді. "Егіз Лебіздің" менің жүрегіме лебі көп болды. Нағыз жанашыр, адамдыққа толы ашық достықты тануға, тағы бір жақсы ортаның қалыптасуына әсері болды. Бәйге деп емес, бәсеке деп емес, біргеміз, барынша шынайылық, биікке ұмтыламыз дегенді көп естідім. Үзілістен кейінгі сахнаға қалыптасуым да осыдан басталды деп айтсам болады. Айрықша алғысымды Ұланға айтамын, нағыз мақсатқа жете алатын, кез келген трансформацияға дайын, ашық мінезді ер азамат, жақсы дос, тіпті бауырымдай қамқор, қолдаушы бола білді. Басқа қатысушы жігіттер де – қыз сыйлай білетін, әріптестік әдепті білетін, сөзсіз түсіне алатын нағыз азаматтар. Әркез жаным деп тұратын, қуанышыңмен ортақ бола алатын құрбыларым қандай десеңізші. Әсіресе бұл жоба әріптестермен өткізген ыстық күндерімен есте қалды. Әрі қарай достығымыз жалғаса береді", – деп жазды өнер иесі. 



Сонымен қатар әнші жобада қолдаған барлық тыңдарман қауымға алғыс айтып, жобадан шығып қалғанын мәлімдеді.

"Әлі түсінбей жатқандар бар екен. "Егіз-лебіз" жобасынан біз шықтық. Енді Ұлан екеумізді бірге көрмейсіздер. Енді бірге емеспіз. Ұлан мен Балжанның сахнадағы жұбы осымен аяқталды. Бұл – шоу! Жоба мақсаты – екеумізді әдемі жұп ретінде көрсету. Жүзеге асқандай болды, өйткені бұл жұптың көрермені көп болды. Достар, біз финалға дейін барамыз деп ойладық. Бұйырмады, барынша тырыстық. Бірақ сіздердің қолдауларыңыз қатты болды, шулаттыңыздар, рақмет.  Ұлан жарайсың, жасыл алаңнан сахнаға жарқ етіп, кіре салдың. Бұл да – ерлік! Алдағы жетістіктерің көп болсын", – деді эстрада жұлдызы. 

Еске салайық, Балжан Бидаштың тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы видеосы желіде қызу талқыға түсті. 

Талқылау