Бибісара Асаубаева Baku Open 2024 турнирінде топ жарды
Қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық шахмат жұлдызы Бибісара Асаубаева Әзірбайжанда өткен Baku Open 2024 турнирінде әйелдер арасында жеңімпаз атанды. Отандасымыз жалпы жүлде қоры 50 мың долларды құрайтын Baku Open 2024 турнирінде бақ сынап, жалпы есепте 19-орын алды. Дегенмен Асаубаева өз категориясында жарыс жеңімпазы атанып, 1,5 мың доллар ұтып алды.
Айта кетейік, Бибісара Асаубаева – блиц бойынша әлем чемпионы атанған шахмат тарихындағы ең жас шахматшы.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді

