Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бибігүл Дәулетбекқызы: Ақжарқын Қытайда да танымал, оны қытайлық жастар қолдап отыр

Тележүргізуші, қоғам белсендісі Бибігүл Дәулетбекқызы Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайын жазды. Ақжарқынның ата-анасына ақша аударған көпшілікке алығысын айтты. 

СІМ Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты түсініктеме берді

«Ақжарқынның анасымен сөйлестім. Өткендегі біздің жинап берген қаражатты Қытайдағы адвокаты Мұралыға жіберіпті. Алғысын жаудырып жатыр Сіздерге!

«Таңертең телефонымды қосып қарасам 700 мыңдай ақша түсіпті. Өз көзіме өзім сенбей күйеуіме көрсеттім. Неше күннен бері басым қатып қайдан ақша табарымызды білмей жүрген едік. Күйеуім екеуміз бірімізді біріміз құшақтап бір жылап алдық» дейді Зухра апай сол кезде. Одан бері де біраз уақыт өтті". - деп жазады журналист желіде.

Айтуынша, Қазақстанда ғана емес, Ақжарқынның тағдырына қытай халқы да алаңдаулы. Оны қытай жастары қолдап отыр.

"Қазір Қытайда - карантин. Олар Ақжарқынды ойламақ түгілі, өз бастарымен қайғы болуда. Бір қызық айтайын. Біздің қаракөз қызымыз Қытайда да - өте танымал екен. Оны жергілікті газеттер жазып жатқанға ұқсайды. «Мына қазақтың қызына обал болды» деп шырылдап жанталаса жазып жатыр екен. Содан кейін Ақжарқынның жанкүйерлері пайда болыпты. Олар - Қытай жастары. Сондықтан да, жаман ұлт болмайтынын біле жүріңіздер. Жергілікті билік те қазақ қызының өмірінен хабардар болып отыр солардың арқасында.

Тағы бір жайт - Сыртқы істер министрі Тілеуберді Бескенұлына рахмет айтқым келеді. Осы істі мұқият назарына алып отырғанына. Зухра апайым Ақжарқын екеумізді түсінде көріпті. Жақсылыққа жорыдық", - деп жазды ол. 

Талқылау