Бейжің Олимпиадасында қазақстандық шорт-трекші Тихонова жарыстан шеттетілді
Бейжің Олимпиадасында Қазақстан атынан сынға түскен Ольга Тихонова жарыстан шеттетілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шорт-тректен әйелдер арасында 1000 метрге жүгіруден іріктеу бәсекелері өтті
Бұл бәсекеде Қазақстан атынан Ольга Тихонова сынға түскен болатын. Ол жарыс барысында қарсыласына соқтығысып, құлап қалды. Осы себепті төрешілер Тихонованы жарыстан шеттетті.
Десе де, ол аталған қашықтықты 1 минут 56 секундта жүгіріп өтті.
Енді қазақстандық спортшы 16 ақпан күні 1500 метрге жүгіруден сынға түседі. Демек, әлі де жүлдеген таласуға мүмкіндігі бар. Естеріңізге сала кетейік, Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен 9 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар