Бейсен Құранбек: Мен 20-дан асқанша қызға сөз сала алмадым, ұяң болдым

Мен 20 жасымда журналистикаға келдім. 23 жасымда ҚазҰУ-дың журналистика факультетініңң күндізгі бөліміне оқуға түстім. Қарасам, жан-жағымдағы өзге әріптестеріме жете алмаппын. «Мен бұларды қайтсем де қуып жетем» деп алдыма мақсат қойдым. Бұл Бейсен Құранбектің естелігінен үзінді.

"Жас өркен" газетінде жарияланған сұхбаттан үзінді.

Бәсекелестіктің арқасында компьютерде жылдам теруді үйрендім, он саусағым бірдей жұмыс істейді. Жылдам оқуды, есте сақтауды меңгердім. Кез келген мамандықты жаттығу арқылы меңгеріп кетуге болады, әсіресе, тележурналистикада. Онда маңыздысы – уақыттан қалмай жұмыс істеу. Ал газет-журналда басқашалау, онда асықпай ойлану, терең қорыту, сараптама, сезім басымырақ болады. Өкінішке қарай, осы жерде отырғандардың 80 пайызы телевизияға барғысы келеді екен. Бағана сендер тележурналистиканы әншілер мен әртістер жаулап алғанына реніш білдірдіңдер. Өйткені, олар бізге қарағанда уақытқа бейім, жақсы сөйлейтін, өзін жақсы көрсете алатын болды. Өзіңді басқа біреудің алдында емес, өзіңнің алдыңда дәлелдеуің керек. Сол үшін көбірек ізденуге тура келеді. Қоян қашып бара жатыр, оның артында қасқыр. Қоян – білім, ал қасқыр – білім алғысы келетін сіздер. Қасқыр ақырын жүрсе, қоян қашып кетеді.

Күніне бір сағат, аз дегенде жарты сағат жазу жаз. Бүгін не болды, не көрдің, соны жазып қой. Оның жариялануы міндетті емес. Жаза берсең, машықтанасың. Сосын «Үш қыз» қалай жазды, мен қалай жаздым?» деп салыстыр. Жазғаның нашар болса, «үш қыздың» жазғанын көшір. Миларыңа қалай жазу керек екені көшіргенде жазылып қалады. Осылай күніге жаттығып, бес жыл басқа салада жүріп, мықты журналист болмасаңдар, маған келіп: «Аға, өтірікші екенсіз», – деп айтыңыздар. Эфирге шыққыларың келсе, күнделікті өмірде нақты, сауатты, әуезді сөйлеуге, дауысты жаттықтыруға, жаргон, боқтық сөздерді пайдаланбауға тырысыңдар.

Журналистке керек қасиет – адам-дармен тіл табыса білу. Журналист – адамдарға адамдар жайында әңгімелейтін мамандық иесі. Ақпарат ала алмай, ақпарат бере алмайсың.

Мен ұяң болып өстім. Мектеп бітіру кешінде тілім таңдайыма жабысып, сөйлей алмағам. Жиырмадан асқанша қызға сөз айта алған жоқпын. Бірақ қазіргі мінезімді журналистика қалыптастырып берді. Себебі, бұл мамандық елмен тіл табысуды қажет етеді.

Бастапқыда «Қай салада нөмірі бірінші бола аламын?», «Мені не толғандырады? Не қызықтырады?» деп шеңберді толтырдық қой, енді үшінші бөлігі бос тұр. Ол, әсіресе, ер азаматтарға керек. Аталған екі қабілетіңнің экономикалық табысы қалай болады? Яғни, материалдық жағдайыңды жасай аласың ба? Соны да есепке алу керек.


Бейсен Құранбектің естелігінен: Әйелім маған 6 ай қарамады, жұмысынан шығарып салуға күнде баратынмын


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр