Бейбіт Жұқаев Challenger 75 турнирінің жартылай финалына өтті
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Пуэрто-Рикода өтіп жатқан Challenger 75 турнирінің жартылай финалында ойнайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ширек финалда отандасымыз канадалық Лиам Дракслерді (әлемнің 617-ракеткасы) 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Ал жартылай финалда ол америкалық Майкл Чженмен кездеседі. Бейбіт Жұқаев қазір әлемдік рейтингке 256-орында тұр.
Айта кетейік, маусым айында Бейбіт Жұқаев спорттық мансабында алғаш рет АҚШ-тағы Литл-Рок қаласында "Челленджердің" финалына шыққан еді. Бұл жетістігінен кейін ол АTP әлемдік рейтингінде 256-орынға көтерілді

