Бейбіт Жұқаев АҚШ-та өткен Челленджер жарысының чемпионы атанды
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев "Челленджер" финалында қарсыласын жеңіп, чемпион атанды. Бұл оған әлемдік рейтингте көтеріліп, Қазақстанның екінші ракеткасы болуына мүмкіндік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық Бейбіт Жұқаев АҚШ-тың Шарлотсвиллінде өткен турнирде ATP рейтингінде 376-орында тұрған америкалық Эйдан Майоны 6:3, 6:4 есебімен жеңді.
23 жастағы қазақстандық теннисші 75 ұпай еншіледі.
"Осы жеңісінің арқасында Бейбіт Жукаев 247-орыннан 193-орынға көтерілді. Мансабында алғаш рет үздік-200 теннисшінің қатарына енді", – деді Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.
Енді Жұқаев еліміздегі теннисшілердің арасында Бубликтен кейін тұр.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған