Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейбіт Көшқалиев өзінің университеттегі ұстазына үйленгенін мойындады

«КЗ» тобының бұрынғы әншісі Бейбіт Көшқалиев бір кездері сахнадан мүлдем кетіп қалды. Араға біраз жыл салып ол өзіне тек шоу-бизнестің табыс алып келетінін түсінген. Сол себепті өнер додасына қайта қосылған. Жаңадан әндер жаздырып, бейнебаян түсіріп, бүгінде нәпақасын тойдан тауып жүр. Оның есімі ел арасына кеңінен танымал деу артық болар. Десе де Көшқалиевтің өзіндік тыңдарманы, жанкүйері бар. Олар әншінің шығармашылығымен жете таныс.

кошкалиев

Алайда Бейбіттің отбасы, жеке өмірі туралы көпшілік біле бермейді. Әнші алғаш рет университеттегі ұстазына үйленгенін мойындады. Одан бөлек, Бейбіт Көшқалиев өзін Жанар Дұғаловамен не байланыстыратынын айтып  берді.

Бұл туралы «Хабар» арнасындағы «Компромат» бағдарламасында айтылды.

«КЗ» тобынан кеткен соң Көшқалиев дін жолына беріліп, «Нұр-Мүбарак» университетіне оқуға түседі. Болашақ өмірлік жарын да сол жерден кездестірген. Алайда бүгінгі заңды жұбайы Көшқалиевтің группаласы не сыныптасы емес, тәлім берген ұстазы болып шықты. Әнші әйелінің өз құрдасы екенін айтып ақталды.

«Ол жерде өзімнен кіші балалармен оқыдым. «Нұр-Мүбаракта» 50 жастағы адамды да көресіз. Жалпы жолдасым менің құрдасым. Онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Өзім ата-әжемнің қолында өскендіктен ол кісілерге шөбере көрсеткім келді. Сол себепті жақсы жар іздеуге қатты асықтым. Әңгіме ұстазда болған жоқ, маған бұйырыс сол. Арнайы жар іздеп барған жоқпын. Бірінші ниетім ата-әжемді қуанту болды. Махаббат сосын келеді деген ойда болдым. Және махаббат келді», – деп түсіндірді Көшқалиев.

Әнші одан кейін Мысыр елінде білім алғанын, бүгінде ағылшын және араб тілін еркін меңгергенін айтып қалды. Одан бөлек, 5 уақыт намазын оқып, ораза ұстайтынын да жасырмады. Көшқалиев өнерде лас тірліктер көп болғандықтан да кезінде шоу-бизнестен біржола кетуге бекінгенін мәлімдеді. Алайда арада біраз уақыт өткен соң әнші өзінің сахна үшін жаралғанын түсінген.

«Өнерде лас нәрселер көп болған соң дұрыс жұмыс істейін деген ой келді. Бірақ түсінгенім қолымнан келетіні ән айту ғана. Өнерде жүрсем де жақсылық жасағым келеді. Ән жаздырсам мәтіндеріне мән беріп, ешкімге зиянын тигізбесе деймін», – деп атап өтті ол.

Көшқалиевті әнші Жанар Дұғаловамен қосатындар көп. Оған себеп Дұғалованың Көшқалиевтің клипіне түсуі, сахнада және өзге де жерлерде бірге жиі көрінуі. Әнші өзін Жанармен не байланыстыратынын айтып берді.

Бейбіт Жанардың өнерін жоғары бағалайтынын айтып өтті. Тіпті, арнайы айдар барысында бойына бір емес бірнеше өнерді тоғыстырған жұлдыздар арасында Дұғалованы алғашқы орынға қойды.

“Жанарды кішкентай кезінен білемін. Ол менің досым. Керек жерде ол маған, мен оған көмектесемін. Жақын да дос емеспіз, бірақ арамызда ештеңе жоқ”, – деп түйіндеді Көшқалиев.

Жіберіп алмаңыз:

Бүркіт пен Айша Болат Назарбаевпен бірге тамақтанды

Әнші Ademi: Күйеуім «саған төсек қатынасын ұсынады» деп әнші болғанымды қаламады

Аша Матай әкесінің арқасында жұлдыз болғанын мойындады

Баян Есентаева: Қыздарға секс жайында 15 жастан бастап айту керек

Талқылау