Беташар салты ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне қосылды
Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы беташар салтын материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің айтуынша, ұйым комитеті мұндай шешімді Парагвай астанасы Асунсьонда өткен арнайы жиында қабылдаған.
“Жаңа ғана Парагвай астанасы Асунсьонда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қазақтың ежелгі салттарының бірі – Беташар Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді”, – деп жазды Ерлан Қарин.
Беташар — жаңа түскен келіннің бетін ашып, келінді көпшілікке, сондай-ақ оған ата-енесін, үй-ішін таныстыратын қазақтың салты.
Бұған дейін әнші Тамара Асар қазақ қызының не себепті сыңсу айтпайтынын түсіндірген еді.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді