Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бес жылдан бері күресіп келемін": Әли Оқапов дауыс желбезегін зақымдап алған

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Әли Оқапов денсаулығының сыр бергенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aliokapov/

Өнер иесі дауыс ырғағының бәсеңдеп қалғанына шағымданып, ем алып жүргенін жасырмады. 

“Бес жылдан бері дауыс мәселесімен күресіп келемін. Күйзеліс пен стресстен тапқан дертім. Қазір вокалдан сабақ ала бастадым. Бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Қандай жағдай болмасын, мен өзіме сенемін және жаттығулар көмектеседі деп үміттенемін", – деп жазды әнші. 

Айта кетейік, өнер иесінің айтуынша, дисфония – дауыстың бұзылуы, бәсеңдеуі екен. Ән айта бастаса тамағы қарлығып, өшіп қала беретін болған. 



Еске салайық, атақ алып басы дауға қалған әнші денсаулығының да сыр бергенін айтқан болатын.  

“Иммунитетім әлсіреп тұр. Соның кесірінен сырқаттанып қалдым. Алайда дәл қазір ауыратын уақыт емес еді. Жақындарыңызды қорғап, денсаулықтарыңызды күтіңіздер! Ауырып қалсаң, өте қымбатқа емделесің. Үш дәріханаға барып, дәрігер тағайындаған дәрілерді таптым. Негізі менің жүйкем сыр беруден бастады. Қазан айында болған маған қатысты оқиғадан кейін тәуір бола алмай жүрмін. Сол кезде өзімді тастап жібергенде отбасым мені Таиландқа алып барды. Ол жақта өзіммен жұмыс істеп, өзіме кішкене келгендей болдым. Бірақ бірінші күні ұшқанда өзімді жаман сезіндім. Жағдайым күрт нашарлап кетті”, – деген еді өнер иесі. 

Талқылау