Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Берік Тұрсынбековтің алғашқы махаббаты: Мен туралы сұхбатында айтқан екен, ашуланып өзіне хабарластым

Берік Тұрсынбековтің алғашқы махаббаты мектептен басталады. Алайда бала Берік ғашығына сезімін білдіре алмаған. Махаббатым сол күйі ұмытылып кетті дейді өзі. 

Бұл туралы "Ең алғашқы" бағдарламасында айтылды. 

"Мектепте Кәмшат деген қызға ғашық болдым. Сезімім туралы оған айтып, бетінен сүйіп, қолын ұстаған адам емеспін. Мен ғана емес, сыныптағы ұлдың бәрі жақсы көрді. Бір ғана жігіт сезімін білдіре алды. Қалғанымыз сол күйі мектеп бітіріп кеттік",- дейді ол. 

Бұл туралы актердің алғашқы махаббаты Кәмшат ойын білдіре кетті. 

"Берікпен бірге оқыдық. Бала-бақшада да бірге болдық. Оның маған деген сезімі туралы білген жоқпын. Сөз айтқан адам емес. Кейіннен "Жұлдыздар отбасы" журналында айтыпты. Мені аты-жөнімді атап, алғашқы махаббатым деп жазыпты. Оны әріптестерім көріп мазақтады. Мен кейін Берікке хабарласып, ренішімді айтқым келді. Бірақ тұтқаны көтермеді. Мойнын қайырайын дегенмін", - дейді Кәмшат Юсупалиева.



Актер алғаш рет жұмысын өнерден емес, қара жұмысшы болып бастаған. Туып-өскен Ынтымақ ауылынан Шымкент қаласына келіп, қара жұмысшы болған. Көп қабатты үйлердің шатырын жапқан. 

"Ол кезде жалақы алмаймыз. Оның орнына азық-түлік аламыз. Сұйық май аламыз. Шатыр жабамыз, қара жұмыс істейміз. Ең алғашқы айлығым 1000 теңге болды-ау деймін. Анама апарып бергенмін. Анам үнемі айтып отырады. Ең алғашқы жалақыға нан ал дейтін. Соның мәнін енді түсініп жатырмыз", - дейді ол. 

Актердің әйгілі "Күлпәш" образын көпшілік жақсы көреді. Дегенмен сын айтып, ауыр мін тағатындар бар. 

"Кейде артық сын жүйкеме тиеді. Сын айтқыштарға ренжитін, ашуланатын кезім болады. Бірақ сөздеріне құлақ аспаймын. Қызтеке екен. Әйелге жақын. Әйел секілді деген сөздерге мән бермеймін. Күйзеліске түскен уақытта да ол сөздер әсер еткен жоқ. Бұған өнер деп қараймын. Образға байланып қалған ешнәрсе жоқ", - дейді өзі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр