Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Берік Имашев орталық сайлау комиссиясы төрағасы лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Берік Мәжитұлы Имашев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Имашев 1982 жылы Михайло Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Университетті тәмамдағаннан кейін аудандық прокуратураның тергеушісі, Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының басқарма бастығы, Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

1994-1997 жж. "Казкоммерцбанк" акционерлік банкінің басқарма төрағасының орынбасары.

Мемлекеттік мүлік басқармасы жөніндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары.

Салық полициясы басқармасының бастығы — Қазақстан Республикасы мемлекеттік салық комитеті төрағасының орынбасары.

1997 ж. мамыр — 1998 ж. сәуір аралығында жеке заң фирмасының басшысы.

1998—1999 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы.

1999—2000 жж. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы.

2001—2003 жж. "Нефтеконсалтинг" ЖАҚ президенті.

2003—2005 жж. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары.

2005 ж. мамыр — қазан айлары аралығында "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Басқармасы төрағасының қызметін атқарды.

2005 ж. қазан айынан 2007 ж. қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

12 қаңтар 2007 жылы - Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.

2008 жылдың ақпанынан тамызына дейін - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі-Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.

20 наурыз 2012 жылдан - Қазақстан Республикасы әділет министрі.

Талқылау