Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Bereke Bank бизнесті қаржыландыруды қайта бастады

"Bereke Bank" АҚ (бұрынғы Сбербанк Қазақстан) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ құрамына кіретін "Даму" Қорымен бірлесіп шағын және микробизнеске қолдау көрсетуді жалғастырады. Банк мемлекеттік, сондай-ақ жеке бағдарламалары бойынша бизнесті қаржыландыруға өтінімдер қабылдайды. 

Кәсіпкерлік қызмет әр мемлекет үшін жоғары әлеуметтік және экономикалық маңызға ие. Коронавирус пандемиясы мен геосаяси жағдайлардан кейін бүкіл әлемде бизнесті қолдау, кәсіпорындарды дамыту мәселесі өзекті тақырыпқа айналды. Бұл тұрғыда негізгі фактор – қаржыландыру.  

Қазақстандық кәсіпкерлер өзінің бизнесін дамыту үшін субсидиялар мен кепілдіктер түрінде тұрақты қолдауға ие бола алады. Ең алдымен, бұл – 2025 жылға дейін көзделген Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның аясындағы бағдарламалар. Сонымен қатар Bereke Bank клиенттерге өзінің бірқатар бизнесті несиелендіру бағдарламалары аясында қаржыландыру қызметін ұсынады. 

"Бизнеске қолдау көрсету – біздің Банктің негізгі басым бағыттарының бірі. Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу әртүрлі саладағы кәсіпкерлерге кәсібін ілгері дөңгелетуге мол мүмкіндік береді. Біз "Даму" Қорымен 10 жылдан астам уақыт бойы серіктеспіз, осы уақыт аралығында банк шамамен 230 млрд теңгеге 3000-нан көп жобаны қаржыландырды және жалпы сомасы 670 млрд теңгеге 7300-ге жуық жобаға субсидия бөлді, соның арқасында көптеген отандық компаниялар өндірісін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашты және экономиканың дамуына өз үлестерін қосты. Біз шағын және микробизнесті қолдауды әрі ынталандыруды ары қарай да жалғастырамыз", – деді "Bereke Bank" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрсұлтан Тасқаранов.

Айта кетерлігі, қазақстандық ШМБ кәсіпорындары өзінің өндірістік қуатын, инфрақұрылымын және материалдық-техникалық базасын қалыптастыру, сондай-ақ айналымдағы қаражатын толықтыру әрі қарыздарын қайта қаржыландыру мақсатында аталған бағдарламаларға белсенді қатысады. 

Шағын және микробизнесті қолдау бағдарламаларына қатысу үшін өтінімді Bereke Bank-тің еліміздің 17 аймағында орналасқан барлық бөлімшелерінде беруге болады. Сонымен бірге әр аймақта бизнес субъектілерін қолдауға және аймақты экономикалық дамытуға бағытталған бағдарламалар бар.

Естеріңізге салсақ, Банк соңғы жылдары кәсіпкерлерді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында несие беру көлемі бойынша қазақстандық ЕДБ арасында көшбасшы атанғаны белгілі. 2010 жылдан бастап "Даму" Қорымен серіктестік қарым-қатынас орната отырып, Банк "Бизнестің жол картасы – 2020, 2025", "Қарапайым заттар экономикасы", "Нұрлы жер" сияқты ең көп сұранысқа ие бағдарламаларға қатысты. 

Қосымша ақпарат алу және өтінім беру үшін "Bereke Bank" АҚ-тың өз қалаңыздағы филиалына жүгініңіз.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.22ж. берген № 1.2.199/93/31 лицензия
 

Талқылау