Бердск қаласында Қазақстан азаматына Украинадағы соғысқа баруға келіскені үшін Ресей төлқұжаты берілген
Ресейдің Бердск қаласында Қазақстан азаматы Павел Конторбаевқа ресейлік әскер құрамында соғысқа қатысуға келіскені үшін Ресей төлқұжатын табыс етті. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі "Азаттық радиосына" сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметінше, Ресейдің Бердск қаласында тұрып жатқан Қазақстан азаматы Павел Контобаевқа Ресей паспорты берілген. Ол Украинадағы соғысқа баратыны туралы келісімшартқа қол қойған. Ресей паспорты оның әйелі Вероникаға да берлген. Құжатты қала басшысы Роман Бурдин мен қалалық кеңес төрағасы Владимир Голубев табыстаған.
Бердск мэрінің айтуынша, Павел Контобаев Новосибирск облысынан соғысқа баруға келісіп, Ресей азаматтығын алған алғашқы адам.
Ресейдің Новосибирск облысы Қазақстанмен шектесетінін айта кетейік.
Новосибирск қаласынан 40 шақырым жердегі 100 мың тұрғыны бар Бердск қаласы бұрын әскери қызметкерлер қаласы саналған. Бұл қалаға Шешенстанда соғысқан 67-бригада орналасқан. 14 жыл бұрын бригада таратылған. Қала ғимараттарында Украинадағы соғыста өлгендердің аты-жөні жазылған мемориал тақталар көбейген.
- Ресей ЛГБТ қозғалысын экстремистік ұйым деп жариялау туралы шешім қабылдады
- Ресейде орыс тілі мемлекеттік тіл болып саналмайтын елдерден келген мигранттардың жұмыс істеуіне тыйым салу ұсынылды
2023 жылдың көктемінде Владимир Путин Ресей армиясымен келісім-шартқа отырған шетелдіктерге Ресей азаматтығын оңайлатылып беру туралы жарлыққа қол қойды. Жарлық шетелдік әскери қызметкерлердің отбасы мүшелеріне азаматтық алуға мүмкіндік береді.
2022 жылдың қыркүйегінде Ресей билігі заң қабылдады, оған сәйкес шетелдік азаматтар соғыс қимылдарына қатысқаны үшін кемінде алты ай немесе жарақат алып, қызметтен босатылған жағдайда алты айдан аз мерзімге Ресей азаматтығын ала алады. Жаңартылған жарлықта Ресей қарулы күштерінде кемінде бір жыл мерзімге қызмет ету туралы келісімшартқа қол қою фактісі жеткілікті.