Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының жаңа әкімі болып тағайындалды
ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының жаңа әкімі болып тағайындалды.

Тиісті жарлыққа бүгін Қазақстан президенті қол қойды.
«Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлы Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатылып, Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалсын» делінген құжат мәтінінде.
Сондай-ақ, мемлекет басшысының жарлығымен Мырзахметов Асқар Исабекұлы өтінішке сәйкес, Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар