Беларусь еліндегі сайлау: Мыңдаған адам Минск көшелерінде митингіге шықты (видео)
Беларусь тұрғындары президенттік сайлаудың мәліметі жарияланып, оған сәйкес қазіргі президент Александр Лукашенко жеңіске жеткеннен кейін митингілер мен наразылық акциясына жинала бастады.
Беларусь бұқаралық ақпарат құралдары елдің бірнеше қаласында азаматтардың ұсталғаны туралы мәлім етті, деп хабарлайды РИА Новости.
Президенттік сайлаудың басты күнінің нәтижелеріне наразы болғандардың барлығын қарулы күштер «ұстап», полиция көліктеріне апарды.
Tut.by басылымы Минскідегі жаппай тәртіпсіздіктер туралы бейнелерді жариялады: жиналғандар олардың алдында тұрған қауіпсіздік қызметкерлеріне «Кет!» деп айқайлады. Тәртіп сақшылары үйлерінен шықпауға және қала алаңдарына жиналмауға шақырғандығы белгілі.
Telegram-дағы Mash телеарнасы Минскіде полиция мен бейбіт тұрғындар арасындағы қақтығыс туралы кадрларды да жариялады. Сайлау нәтижелеріне наразы адамдардың жаппай жиналыстарын белоруссиялық «Телеграм» - Nexta каналы жариялады.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері наразылық білдірушілерді жарықтық граната қолдана отырып таратуға тырысты.
Минскідегі шұғыл ауруханадан реаниматологтер мен травматологтердің қосымша топтары шақырылды. Сонымен бірге медициналық мекеме зардап шеккендердің нақты санын атай алмады.
Ішкі істер министрлігі рұқсат етілмеген жаппай шаралар өтіп жатқан Минск және республиканың басқа да облыс қалаларындағы жағдайды қадағалап отыр, деп хабарлады Sputnik-ке ведомствоның ресми өкілі Ольга Чемоданова.
«Минск пен облыс қалаларындағы жағдай толығымен бақылауда. Ұсталғандар бар, бірақ әзірге жалпы мәліметтер жоқ», - деді Чемоданова.
Естеріңізге сала кетейік, сауалнаманың алғашқы нәтижесі бойынша қазіргі президент Александр Лукашенко сайлауда үлкен басымдықпен көш бастап тұрды. Сайлау учаскелері жабылып, ОСК ресми мәлімдемесінен кейін қазіргі басшының сайлауда жеңіске жеткені белгілі болды.