Белгілі қазақстандық кардиохирург қайтыс болды
Белгілі қазақстандық кардиохирург Серік Бекбосынов 41 жасында көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жуырда оған қан құю үшін шұғыл қан жинау басталған еді, алайда дәрігерлер оны аман алып қала алмады – кардиохирург 42 жасқа қараған шағында өмірден озды.
"Серік Бекбосынов №2 кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі және жүрек-қантамыр хирургиясы саласындағы үздік мамандардың бірі болды. Әріптестері мен пациенттер оны мейірімділігі мен кәсібилігі үшін жақсы көрді және құрметтеді", – деді Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы.
Ол жүректің жасанды сол қарыншасын имплантациялау бойынша операция жасаған әлемдегі ең жас кардиохирург болды.
Серік Бекбосынов "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталған, Тұңғыш президент қорының лауреаты, ұлттық награда – "Ерен еңбегі үшін" медалін алды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған