Белгілі боксшы Василий Левит жаңа лауазымға ие болды
Азия чемпионатының үш дүркін жеңімпазы Василий Левит Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Олимпиада комитеті
2022 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлердің физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып келген Василий Левит жаңа лауазымға тағайындалды. 2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері енді Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы ретінде сайланды.
Айта кетейік, Василий Левит Токио олимпиадасының алғашқы айналымында испаниялық Эммануэл Рейеске нокаутпен ұтылып, содан кейін спорттық мансабын аяқтаған еді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған

