Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Беларусь Италиядағы елшілігінің аумағында террористік шабуыл жасалғанын мәлімдеді

Италиядағы Беларусь елшілігінің аумағында жарылыс болды. Оқиға орнына келген Италия полициясының қызметкерлерінің алдын ала баға беру арқылы бұл оқиғаны террористік шабуыл деп атады, деп хабарлайды Беларусь СІМ баспасөз қызметі Stan.kz ақпарат агенттігі БелТа-ға сілтеме жасай отырып.

Ведомствоның мәліметінше, 9 наурызда сағат 4.03-4.05-те бетперде киген екі белгісіз адам Беларусь елшілігі мекемесінің ғимаратына жақындап, елшілік аумағына екі жарылғыш зат тастаған. Осыдан кейін шабуылдаушылар оқиға орнынан бірен ізін суытты. 

Құрылғылардың бірі қосылмай, жарылмай қалған, ал екіншісі газ құбырының жанында жарылған. Дипмиссия қызметкерлері зардап шеккен жоқ.

"Жарылыс салдарынан елшілік ғимаратына айтарлықтай зиян келді. Оның ішінде елшіліктегі терезелер шағылып, жарылыс толқынымен 1,5 метрлік ішкі қоршаудан ұшып кеткен металл орындық қирап, 5-7 метрге ығысқан,  елшілік қабылдауға келген адамдарға арналған заттарды сақтайтын металл шкаф, жекелеген бетон плиталар және т. б. заттар қирады.

Италияның құқық қорғау органдарының қызметкерлері барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізді, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Италия тарапы шетелдік мекемені күзетуді күшейтуге дайын екенін мәлімдеді", – делінген Беларусь СІМ хабарламасында.

Талқылау