Бекзат Нұрдәулетов белгілі өзбек спортшысын жеңіп кетті
Ресейде «Санкт-Петербург губернаторының кубогі-2021» халықаралық турнирі жалғасуда. Жарысқа қазақстандықтар да қатысты. Бекзат Нұрдәулетов белгілі өзбек спортшысын жеңіп кетті.

Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов 81 келіге дейінгі салмақта ширек финалдық жекпе-жек өткізді. Қазақтың қарсыласы өзбек Дилшод Рузметов болды. Бұл жекпе-жек бірауыздан шешіммен Нұрдәулетовтің жеңісімен аяқталды.
Осылайша, ол турнирдің жартылай финалына шықты. Бекзад Нұрдәулетов пен Дилшод Рузметов бір-бірімен екі жыл бұрын - Екатеринбургте (Ресей) өткен 2019 жылғы Әлем кубогының финалында кездескенін айта кетейік. Сол жекпе-жекте Нұрдәулетов төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетіп, (5: 0)алтын ұтып алды.
2026 жылдан бастап доллар бағасы мен инфляция қалай өзгереді – Экономистер болжам жасады
Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
70 жастағы зейнеткердің зейнетақысы 2025 жылы 171 588 теңге болса, 2026 жылдан бастап ол 192 816 теңгеге дейін көтеріледі