Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бекшин мектептерде коронавирусқа арналған экспресс-тестерді пайдалануды ұсынды

Алматы Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин экспресс-антиген тестердің тиімділігін зерттеу әлі аяқталмағанын айтты. Дегенмен, ресейлік дәрігерлер бұл әдістің тиімділігі жайлы хабарлаған. Еліміздегі мамандар да тестің бұл түрінің тиімділігі жоғары әрі аз шығынды қажет ететінін нақтылады дей келе, мектептерде және ел аумағында жаппай қолданысқа енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

тест

 "Біз тірі және мутацияға ұшыраған штаммға зерттеу жүргіздік. Қазақстанда тіркелген барлық негізгі экспресс-тесттерді сынап, жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Бүгінде мұндай тесттердің тиімділігі жоғары. Өз есептерімізді Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынамыз", - деп айтты брифингте Жандарбек Бекшин. 

Оның сөзінше, экспресс-антиген тесті сапалы және кең ауқымда қолдануға болады. Бұл мектептер үшін маңызды болып отыр. 

"Мысалы, мектепте 15-20 минуттың көлемінде-ақ оқушының оқуды жалғастыратынын немесе оқшаулауға жіберілетінін анықтауға болады", - деп нақтылады Бекшин. 

Сонымен қатар ол мамандар жүргізген зерттеу нәтижесін Денсаулық сақтау министрлігіне жіберіп, тестілеудің жаңа моделі ел төңірегінде қолданысқа енетініне уәде берді. 

Бекшин мұның тек шығынды ғана азайтып қоймай, медицина қызметкерлеріне түсетін физикалық ауыртпалықты да төмендететін айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирустың қандай штаммдары тіркелгенін мәлімдеген еді

Талқылау