Бекшин жас-жұбайларға үйлену тойларын кейінге шегеруге кеңес берді
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қала тұрғындарынан коронавирус пандемиясына байланысты үйлену тойларын кейінге шегеруді сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жандарбек Бекшинмен өткен онлайн-брифингте журналистер "той маусымы" басталуына орай іс-шараларда қонақтардың саны бойынша қандай шектек болатынын сұрады.
"Коронавирус жұқтыру төмендегенге дейін біз қашықтықтағы қағидатты ұстанамыз. Біз түрлі бұқаралық іс-шараларға, соның ішінде мерейтойлар, үйлену тойларына тыйым салынуын бақылауда ұстаймыз. Әрине, біз болашақ жас жұбайлардан әрбір отбасы үшін өте маңызды осындай іс-шараны кейінге қалдыруды сұраймыз", - деп жауап берді Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ