Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бекшин Алматыда ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы туралы айтты

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы карантин

"Өткен кезеңде 316 407 адам вакцина алды, бұл қала халқының 16%-ын құрайды, ауырып жазылған адамдар 5%, соның арқасында 21%-дық ұжымдық иммунитет қалыптасты", – деді Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері.

Жалпы вакцинаны 60 жастан асқан 32 758 немесе 12%-дан астам адам салдырды.

Бекшин қала тұрғындарын вакцина алуға шақырды, өйткені бұл процесс ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін маңызды. Ол күзге қарай ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцина науқанын қолдауға шақырды.


Стационарлар жабылады: Алматыда эпидемиологиялық жағдай жақсаруда


"Бұл өзіңе, жақындарыңа деген жауапкершілік. Әркімнің екпе алуы маңызды. Бірқатар адамдар ауруға төзбейді, олардың денсаулығын сақтау бізге байланысты", – деді Ж.Бекшин.

Еске салсақ, Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да 211 вакцина пункті жұмыс істейді (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен). 1 257 адамнан тұратын 304 егу бригадасы бар.

Талқылау