Bek Air әуе кемелерінен ұшуға жарамдылық сертификаты қайтарып алынды
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі "Bek Air" АҚ әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаттарын кері қайтарып алды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Компания бұзушылықтарды жою туралы бұйрықты орындамағандықтан, оператордың сертификаты қайтарып алынды.
Сондай-ақ, Bek Air компаниясының барлық Fokker әуе кемесінің 9 ұшағынан жарамдылық сертификаттары кері қайтарылды.
Пайдаланушы сертификатын және жоғарыда көрсетілген әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын алу үшін әуекомпания қайта сертификаттаудың толық рәсімінен өтуі керек.
Бұған дейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бас көлік прокуратурасымен бірлесіп әуекомпанияға жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын. Ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін өрескел заң бұзушылықтар анықталды.
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"