Beeline интернеттің не себепті істемей қалғанын түсіндірді
Beeline интернеттің істен шығу себебін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Beeline Қазақстан қызметкерлері оқиғаның "Алатау" ақпараттық технологиялар паркі аумағындағы оптикалық кабельдің үзілуінен болғанын анықтады. Кабель Алматы, Талдықорған және Қызылорда қалаларындағы сервистің жұмысына жауапты болған.
“Инженерлер қысқа уақыт ішінде ақаудың себебін анықтап үлгерді, қызметтердің жұмысы қайта қалпына келтірілді. Қазір барлығы әдеттегідей жұмыс істеп тұр", - деді Beeline.
Сондай-ақ олар кабельдің үзілуі сол маңда қазу жұмыстарын жүргізген компанияның кінәсінен орын алғанын мәлімдеді.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды