Bazis-A және BI Group кірістерін 16,5 миллиард теңгеге кем етіп көрсетті — Қаржы министрлігі
Қаржы министрлігі Bazis-A және BI Group-тың кірістерін азайтып көрсеткенін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржы министрлігі Bazis-A және BI Group құрылыс компанияларына анықталған құқықбұзушылықтар туралы хабарлама жіберді.
Ведомствоның мәліметінше, 2022–2023 жылдар аралығында Bazis-A кірісін 4,6 миллиард теңгеге, ал BI Group 11,9 миллиард теңгеге кем көрсеткен.
Қаржы министрлігі компаниялар салық жүктемесін азайту үшін арнайы салық режимдерін қолданғанын атап өтті.
Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандық ірі компанияларды салықты адал төлеуге шақырып, жағдайды түзетуге екі апта уақыт берді.
Еске салсақ, Бектенов BAZIS, BI Group және басқа да ірі компанияларды салықтан жалтарды деп айыптаған еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар