Байжановты соттайтын болсақ, Назарбаевты да соттайық – Адвокат
Бақытжан Байжановтың екінші қорғаушысы Әлібек Секеров сотта сөйлеп, өзінің қорғауындағы адамды жағдайдың құрбаны болды және Бишімбаевтың айтқанын орындады деп есептеп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Байжановтың қорғаушысы Әлібек Секеров өз сөзінде экс-министрдің бұрынғы соттылығын және елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевты еске алды.
"Әрине, Салтанаттың өлімі – адам төзгісіз жағдай. Мен Салтанаттың отбасына қайғыра көңіл айтамын. Адам ретінде, адвокат ретінде менің де жаным ауырады. Сіздердің жақындарыңыз өмірден өтті. Бұны ешкімнің басына бермесін. Қаза тапқан Салтанатты енді өмірге қайтара алмаймыз. Тергеу Бишімбаевтың Салтанатты өлтіргенін дәлелдеді, бірақ істің қай баппен қаралатынын сот шешеді. Дегенмен бұл іс резонанс туғызды екен деп кінәсіз адамды соттауға болмайды. Менің қорғауымдағы Байжанов Салтанат өлді деп ойлаған жоқ. Егер олай болса, біз сол күні мейрамхананы жөндеген малярды, әкімшіні, тіпті елдің бұрынғы басшысын (Нұрсұлтан Назарбаевты – ред.) да соттайық", – деген Әлібек Секеров бұған дейін Бишімбаевты "элитаның паразитіне" теңеген адвокатпен келісті.
Айта кетейік, 2018 жылы Қуандық Бишімбаев жемқорлық үшін 10 жылға сотталған еді. Бірақ 2019 жылы бұрынғы президент Назарбаевтың жарлығымен ол рақымшылық алды. Оған тағайындалған жаза 10 жылдан төрт жылға дейін қысқартылды. Жазасының 2/3 бөлігін өтеп, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.
Еске салайық, Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысындағы жарыссөз кезінде адвокат Ерлан Ғазымжанов қорғаушысын Салтанат Нүкенованы “бір жылда үш-ақ рет ұрған” деп ақтағаны туралы жазған едік. Айтуынша, мұндай жағдай еліміздегі барлық отбасында болады.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”