Франциядан келген турист Байқоңыр ғарыш айлағының маңында шөлдеп, көз жұмды
Байқоңыр маңында Франция азаматы жолда қатты шөл қысып мерт болды Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: РИАНовости
Әлеуметтік желідегі деректерге сүйенсек, екі француз "Буран" ғарыш кемесін көргісі келген.
"Бір күн бұрын Францияның екі азаматы ғарыш айлағының аумағына заңсыз кіруге тырысты. Олар көздеген нысандарына жол арқылы жетуді шешкен. Алайда жолда біреуінің жағдайы күрт нашарлады", – делінген желідегі жазбаларда.
Алайда, ресми органдардың дерегіне сүйенсек, біреуі шөл қысып көз жұмған француз туристері Байқоңыр ғарыш айлағының аумағына кірмек болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
"Олар даладағы ғимараттарды суретке түсіріп жатқан, кенет бірі ауырып қалып, ал екінші турист бақылау-өткізу пунктіне көмек сұрауға барған, алайда олар көмектесуге үлгермеді", – делінген ресми дереккөз жауабында.
Қызылорда облысы әкімдігінің өкілі турист көз жұмған жердің Қазақстанға емес, Ресейге тиесілі аумақта екенін мәлімдеді.
Байқоңыр қаласының әкімшілігі, сондай-ақ Қазақстан президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнайы өкілінің кеңсесі туристер қалаға және ғарыш айлағына баруға ресми түрде өтініш бермегенін мәлімдеді.
Бұған дейін де туристер Байқоңырға бірнеше рет заңсыз кіруге тырысқан. Олардың мақсаты — "Буран" ғарыш кемесін көру. 2022 жылдың мамырында №112 ұшыру алаңының жанында Ұлыбритания азаматы Бенджамин Рич пен Беларусь азаматы Алина Зелупа, ал 2023 жылдың қыркүйегінде Испаниядан келген үш турист ұсталды.
Ұсталған жағдайда туристерге әкімшілік айыппұл салынады. Ал бұл екі франциялық ғимаратқа кіруге тырыспаған, тек суретке түсіруді көздеген. Дегенмен жағдай қайғылы оқиғамен аяқталды.