"Байқоңыр зымыран-ғарыш корпорациясының" бас директоры Дәурен Мұсаға халықаралық іздеу жарияланды
Қазақстандық кәсіпкер, "Байқоңыр зымыран-ғарыш корпорациясы" АҚ ("Байқоңыр" РКК) бас директоры Дәурен Мұсаға халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Дәурен Мұса Instagram парақшасынан
Дәурен Мұса "Боран" ғарыш кемесінің екінші ұшу данасы мен оның макетінің иесі ретінде белгілі. Бұл макет Байқоңыр ғарыш айлағында сақталған.
Қазақстан Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында оған 26 қарашадан бастап іздеу жарияланғаны туралы ақпарат пайда болды.
Құқық қорғау органдарының дерегінше, Дәурен Мұсаны Алматы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі (алаяқтық) бойынша іздеуде.
"Оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде",- деп атап өтті ведомство.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”