Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Байыса қазақ байысын": Дариға Бадықова "Моанаға" баратын қазақтарға ренжіді

Танымал продюсер, актриса Дариға Бадықова халыққа үндеу жасап, ренішін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dariga_badykova/

Өнер иесінің “Таптым-ау сені 2” фильмі жарыққа шыққан еді. Сонымен қатар голливудтық "Моана" мультфильмінің де екінші бөлімі қазақ тілінде көрерменге жол тартты.

“Моанаға" барып "позор" болып отырмайық. Бөтен елге ақшаны жіберіп, оларды байытуды қойғанымыз дұрыс. Ашығын айтамын. 27 қарашада “Моанаға” барған қазақтар болды. Бірақ оларды сөкпеймін. Тек қандай қазақ екенін түсінбеймін. Сондықтан байыса қазақ байысын. Ештеңе жоқ”, – деді актриса. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнер иесінің сөзіне қарсы шығып жатыр. 

“Бұл сөзі дұрыс емес”, “Әркімнің өз қалауы бар”, “Дариғаның бір киносын көрген емеспін”, “Осы сөзі үшін “Моанаға” барамыз”, “Бас-аяғы жоқ кино екен”, “Бәсекелестік болмаған сала дамымайды”, “Мені байытыңдар деп отыр ма?!”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, "Баламыздың алдын кесіп сөйлемейік" деп Дариға Бадықова көпшілікке ескерту жасаған еді. 

Талқылау