"Бұл үйдің байы да, қатыны да мен": Алтынай Жорабаева етті қалай бөлшектеу керегін көрсетті (видео)
Алтынай Жорабаеваның ет турағаны жұртты таңқалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Танымал өнер жұлдызы желідегі парақшасына пышақ қайрап жатқан кезде тосыннан түсірілген бейнежазбаны жүктеген. Құрбандыққа шалынған малды поршалағанын көрсеткен ол құрбан айт мерексімен құттықтауды да ұмытпады.
"Бұл үйдің байы да, қатыны да мен. Құрметті қазақстандықтар, күллі мұсылмандар, құрбан айт қабыл болсын. Құрбандықтарыңыз қабыл болсын, мереке құтты болсын!" - деп барша мұсылманды киелі мерекемен құттықтады Алтынай Жорабаева.
Бір үйдің барлық шаруасын өз мойнына алған Алтынай Жорабаева балтасын таппай жатқанын айтқан. Қайсар мінезді әнші қара жұмысты да атқара беретінін көрсетті. Осылайша өнер иесі өзінің ет турағанымен жұртты тамсандырған.
"Мен енді мынау өздеріңіз көріп тұрғандай, етті алып келдік, қонақ шақыруым керек. Өзім осылай жайғап жатырмын. Балтамды таппай қалдым. Мына етті бірнәрсе қылып шабамын", - дейді Алтынай Жорабаева.